Шыгарма салемдесу мадениети

0 голосов
413 просмотров

Шыгарма салемдесу мадениети


Қазақ тiлi (14 баллов) | 413 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
“Сәлемдесу – парыз” екенін бәріміз де білеміз. Осы парызымызды бұзбай, күн сайын көптеген адамдармен сәлемдесеміз, амандасамыз. Күнделікті өмірімізде ер кісілерге “Ассалаумағалейкүм!” деп амандасамыз. Араб тілінде бұл сөздің дәл солай айтылуы – “Салем әлейкум” және “Әлейкүм салем”. Аудармасында “Салем” – “Бейбітшілік”, “Әлейкүм” – “Сізге”. Сонда біздердің сәлемдесіп жүрген сөздеріміздің мағынасы – “Бейбітшілік Сізге”, “Сізге де бейбітшілік” болып шығады екен.
Ата-Бабаларымыздың, әке-шешелеріміздің: “Құдай тыныштығымызды бере көр” деп отыратыны – тыныштықты, бейбітшілікті тілегеннен шықса керек. Адамзаттың өзі бейбітшілікті қалайды емес пе. Біздің халық бұл сәлемді ерекшелеп, салихалылық беріп, “Ассалаумағалейкүм” деп, негізгі мағынасын бұзбай ажарландырған, айбат берген.
Бұлай амандасу, сәлемдесу біздің өмірімізге Исламмен бірге келгені сөзсіз, біздің халық ұлттық дәстүрлерімізді осы Исламға негіздеп, қайшылық болмайтын етіп, өмірлеріне енгізген ғой. Ал, сол Исламдық келгенге дейінгі өмірлерінде Ата-Бабаларымыз қалай амандасты екен? Қазір ТВ, радиоларда жүргізушілердің “Армысыз”, “Ар ма”, “Сәлем бердік” деп амандасқандарды көріп жүрміз. Бұлай амандасу сол әріден келе жатқан сәлемдесу түрі болар деп ойлаймын. “Сәлеметсіз бе”, “Саламат па” деген амандасу түрлері бертін келе, Совет заманында шыққан сияқты. Саясят араласуымен шыққан болар.
Қалай амандасқанда да, Қазақтың амандасуы құлаққа жағымды естіледі. “Сәлем – сөздің атасы” деген қазақ, амандасып, сәлемдесіп жүрейік!
(80 баллов)
0

рахмет!!!