Помогите ответить из всех, сколько можете пожалуйста

0 голосов
78 просмотров

Помогите ответить из всех, сколько можете пожалуйста


image

Қазақ тiлi (12 баллов) | 78 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1.Қазақстан -Демократиялық мемлекет,зайырлы,әлеуметтік,тәуелсіз мемлекет!!!!
2.Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
3.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
4.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
5.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
6.Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі
7.Астана — Қазақстан Республикасыныңелордасы. Қазақша ол сөз елдің бас қаласыдегенді білдіреді.
8.Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[6].
9.Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
10.Алматы
11.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
12.Қазақ тілі
13.Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы (2014.30.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

(92 баллов)
0

Отанын сатқан оңбас. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. Отаның тыныш — сен тыныш. 26. 4 мезгіл, 12 Ай

0

27. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар еріп, тоң жібиді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік атып гүлдейді.

0

Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, т.б. ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Қазақстан Республикасы аумағында географиялық ерекшеліктеріне байланысты Көктем оңтүстік аймақтарда ерте, солтүстік аймақтарда кеш келеді. Қар жамылғысы оңтүстік аймақта ақпан, Орталық Қазақстанда наурыз, солтүстікте сәуір айында ери бастайды.

0

28. Күзде күн суытып, көлдер мен өзендер тартылып, өсімдіктер қурап, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Қазақстан жерінің К-дегі сипаты біркелкі емес, солт. облыстарда егін піскенде, оңт. облыстар егіндерін жинап болады. Бізде Жер шарының солт. жартысында К. болғанда, Оңт. жарты шарда (Оңт. Америка, Австралия, Антарктида) көктем болады.‎

0

29. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады.

0

Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1—2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде — 3—4 ай, полюстік ендіктерде 6—7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады. Қазақстанның солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1—1,5 айдай ұзағырақ болады.

0

30. Жазда табиғат жадырап, күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі, ауыл шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт жүргізіледі. Қазақстан жерінің жазғы сипаты біркелкі емес; ауа райы жаз айларында оңтүстік облыстарда ыстық, солтүстік облыстарда қоңыржай жылы болып келеді.

0

Бұл жайт шаруашылыққа да әсер етеді. Кейде, күнделікті тұрмыста, көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып, жазды 6 ай деп есептейді. Алайда ауа райы бойынша Қазақстанның оңтүстік облыстарының жазы 6 айдан артық, солтүстік облыстарының жазы 6 айдан кем болып отырады.

0

Жаз әр аумақтағы ауа температурасы едәуір жоғары болатын жыл уақыты, климат маусымы. Астроиомиялық ұғым бойынша жазғы Күн тоқырауынан күзгі күн мен түннің теңесуіне (Солтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21 наурызға дейін) дейінгі уақыт аралығы;

0

21 наурызға дейін) дейінгі уақыт аралығы; Солтүстік жарты шарда - маусым, шілде, тамызды, Оңтүстік жарты шарда — желтоқсан, каңтар, ақпанды жазғы айлар деп атайды. Жаздың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі ендіктерден жоғары ендіктерге қарай қысқарады. Экваторлық белдеуде Жаз үздіксіз жыл бойына созылады. Субтропиктік белдеулерде Жаз 5 айға, қоңыржай белдеулерде 3 айға созылады, полюстік ендіктерде 1—2 айдан аспайды.