Мен мектепті жақсы көремін. Мектепте ақылды мұғалімдер, жақсы сыныптастар бар. Әр оқушының міндеттері: жақсы сабақ оқу, мұғалімді тыңдау, т.б. Мектепте мұғалімдер білімге жетелейді, ал сыныптастар қолдайды. Егер тырыссаңдар, сауатты, мәдени және ақылды боласыңдар. Бұған ата-аналарың көмектеседі. Маған ата-аналарым көп көмектесті. Ал мұғалімдерсіз мен қалай бәрін түсінер едім? Бірақ мен әлі барлық жетістіктерге жеткен жоқпын. Сыныптастардың қолдауы да өте маңызды. Біз бәріміз алға ұмтыламыз, ал сонда бізге жақындарымыз бен туыстарым көмектеседі. Әрине, біз өзіміз де тырысуымыз керек. Сол үшін "Мектеп - кеме, білім - теңіз" дейді.