Менің жолдорбам үлкен. Анам оны маған тамыз айында сатып алып берген. Оның түсі қара, жасыл. Жолдорбада үш үлкен және үш кішкентай бөлімшелер бар. Үлкен бөлімшелерге мен кітаптар мен дәптерлерді саламын, ал кішкентай бөлімшелерге қаламдар, қарындаштар, өшіргіштер, сызғыш және қайрағыш. Бос бөлімшеге мен өз дәруменге бай таңғы асымды саламын. Менің жолдорбам өте ыңғайлы. Қолайлы жолдорбамен арқаның сымбаты қисаймайды(бұзылмайды) және оны мектепке тағу өте жайлы.