Аққу туралы сипаттама

0 голосов
102 просмотров

Аққу туралы сипаттама


Қазақ тiлi (21 баллов) | 102 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

"Жалғыз аққу көрдім айдын бетінде,
Бейнесі оның ұқсап кетті жетімге"- деген өлең жолдары аққудың жалғыздығын тура сипаттайды. Бұл жануарлар өмір бойы бір ғашықтарына адал болып өтеді. Ол мерт болатын болса, серік аққудың бұл дертке шыдамайтыны сөзсіз. Аққулардың сипаттамасы біршама шығармаларда берілген. Біреу оларды махаббат символы қылса, келесісі ақтық пен пәктікке теңейді. Алайда. аққулар тек ақ түсті болмайды. Олар қоңыр, қара және сұр түсті болып та келеді. Ауыздарының маңы ашық қызыл түспен белгіленген сияқты. "Аққу" деген күй белгілі композитор, Нұрғиса Тілендиевтің қаламынан шыққан және "Қыз-Жібек" кинофильмінде аққуларды билеткізіп, камераға түсіру үшін қолданған. Дәл сол киноның соңы аққулардың пішінін, қимыл-қозғалысын және махаббаттарын жақсы көрсетеді.

(2.3k баллов)