Бүркіт- киелі құс.Көшпелі халықтардың таным-түсінігінде қыран бүркіт – батылдықтың, батырлықтың, мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің
символы. Қазақстан Республикасының Туында бүркіт азаттықтың айбыны ретінде бейнеленген. Қазақтар бүркітті пір тұтатындықтан, оның
атын қастерлеп, бүркіт-тей қыран, өжет, қайсар болсын деп жаңа туған балаларына да оған қатысты аттарды қойған. Олар: Бүркіт, Бүркітбай, Бүркітхан, Бүркітбек тәрізді есімдер. Тастүлек, Тірнек, Тірнекбай, Балапан сияқты есімдер де бүркітшілердің ырымдап қойған аттары. Қазақ халқы тіпті, бүркіт мекен ететін тауларды: «Бүркіт тау», «Бүркіт шың» деп, бүркіт ұя салатын жерлерді «Бүркіт ұя», «Бүркіт тас» деп те атаған. Және өздері-
нің ұлттық ою-өрнек, әшекейлерінде «құс тұмсық», «бүркіт тұмсық», «бүркіт аяқ» деген де кескіндерді бейнелеп, «Бүркіт биін» билеген.