Перевод помогите пожалуйста там где скобки это ковычки.
Менің туыстарым
Отбасы мүшелері мен туыстық атауларды білу - әрбір адамның парызы. Ата - әкенің әкесі. Атаны жасы кішілер құрметтеп (ақсақал), (қария) деп атайды. Әже - әкенің шешесі. Ата-ана -дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар. Ұл мен қыз үшін бұлардан асқан адам жоқ. Немере - ұлдың баласы. Шөбере - немеренің баласы. Аға, әпке, қарындас, сіңлі - бір әпке-шешеден туған балалар. Екі ағайынды ұл-қыздарөзара, үлкен болса - (аға), кіші болса - (іні), үлкен қыз - (әпке), кіші болса - (қарындас), қыздар үшін (сіңлі) болады.
Әпке - отбасындағы, анадан кейінгі сыйлы адам. Ол інілері мен сіңлілеріне үнемі қамқорлық жасап отыратын бауыр, анасының ақ тілеуін ақтап, оған көмек көрсететін үй ішіндегі тәлімгер.Сондықтан да әпкеге құрмет көрсетіп, ардақтау - інілер мен сіңлілердың парызы.
Женге - ағаның әйелі. Ол жақсы үлкендер үшін - (келін), жасы кішілер үшін - (жеңге), (жеңеше). Жезде - әпкенің күйеуі. Ағайын - бірге туғар туыстар, бір сөзбен (ағайындылар) делінеді. Нағашы - ананың төркіні балаларына (нағашы) болады. Мұнда жиендері тек туған нағашы ғана емес, оның туыстарын түгел нағашы дейді. Жиен - қыздан туған бала. Жиен нағашыларына еркелеп, нені қаласа да алуға құқы бар. Жиеншар - жиеннен туған бала. Ол да әкесі сияқты жиендікті жалғастырады. Бөле - апалы-сіңлілердің баласы.