1) Бала мектепте қандай істі ұнататын еді? 2) Баласының талантын көрген әке не істеді? 3)...

0 голосов
114 просмотров

1) Бала мектепте қандай істі ұнататын еді? 2) Баласының талантын көрген әке не істеді? 3) Түні бойы сүйікті ісімен айналысқан баласына әкесі не деді? 4) Қазіргі отбасылар туралы айтылған пікір дұрыс па? ответить на вопросы используя этот текст пожалуйста
Отбасы тәрбиесі
Мен мектепте жүргенде сурет салуды ұнататын едім. Бұл өнерімді байқаған әкем мені қолпаштап отырды. Бірақ қайтсең де, суретші боласың деп үзілді-кесілді «шідерлеп» тастаған жоқ. Немен айналыссам да, қолымнан қаққан емес, өз пікірін, білгенін айтатын, бірақ оны зорлап біздің миымызға құймайтын. Сондықтан ба, отбасымыздағы бес баланың бәрі де өздері қалаған мамандықтарын алды. Қажет деген кезде, мейірім керек болса, суретті сонша салатын едім, уақыттан да ешкім шектемейтін. Кейде кешкі сағат он болғанда: «Қазір сен қалайда жатып ұйықта, уақыт болды, күн тәртібш бұзба!» - деп апарып төсекке де жатқыза қоймайтын. «Жарайды, жаның соны қалап отырса, өзіңе қажет болса, отыр, жаса. Бүгін қанып ұйықтамасаң, орнын ертең толтырарсың. Ал бүгінгі келіп тұрған шабытты қайтарып тастауға болмайды. Бәрібір соны ойлап дөңбекшіп жатасың», - дейтін.
Қазіргі отбасылардың көпшілігі (қалалық) қонақ үйді еске түсіреді. Қайсыбір ата-аналар балаларын телефонмен тәрбиелеп жатады. «Тұрдың ба? Тамағыңды іш! Содан кейін отыр, сабағыңды оқы!» Немесе жұмысына асығып кетіп бара жатып: «Оқы, кішкене ойна... былай тұршы, аяқтың астына оралмай! Жұмыстан қалатын болдым ғой! Жай кезде сұрамай, дәл асығып тұрған кезде сұрайды екенсің!» - десіп жатады. Көп нәрсенің кілті үй ішінде орныққан дәстүрге байланысты деп ойлаймын. Бала өзінің бүкіл ғұмырына жететін ең жақсы қасиеттерді үйдің «ауасымен» бірге жұтуы ке¬рек. Бұл жерде бәрібір - ауылдың баласы ма, қаланың баласы ма, ең бастысы, бойындағы дарынын үрлеп жандырып, табандылыққа үйрет. Ал егер баланың ақылы болса, оны қаймықпай, жалтақ болмай өсуге талпындыру керек.


Қазақ тiлi (36 баллов) | 114 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1)Сурет салуды
2)баласын қолпаштады
3)Жарайды, жаның соны қалап отырса, өзіңе қажет болса, отыр, жаса. Бүгін қанып ұйықтамасаң, орнын ертең толтырарсың. Ал бүгінгі келіп тұрған шабытты қайтарып тастауға болмайды. Бәрібір соны ойлап дөңбекшіп жатасың
4)иа

(276 баллов)