Әсемдік — адамды эстетикалық ұғым, материалдық және рухани дүниенің ләззатқа бөлейтін сипаты. Әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетик. тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімділік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері табиғи өлшемдермен айқындалады. Әсемдіктің осындай табиғи өлшемдерін эстетикалық түйсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл-парасаты ерекше рөл атқарады. “Пішіннің сыртқы әсемдігі” (Гегель) оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жылтырағанның бәрі әдемі емес. Керісінше, сыртқы сұрықсыздық пен сиықсыздық тасасында жоғары жансұлулығын кездестіру әбден мүмкін. Қзгілік пен жылылықтан ада әсемдік кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағыПері қызы, грек мифологиясындағыНарцисс бейнесі де жатады. Алайда әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберген дұрыс емес. өмір мен өнердегі әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адамдүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Шынайы әсемдік адамды шығармашылық дарыны мен қабілетін неғұрлым толық және жемісті пайдаланып, нағыз әдемі және сұлу тұлға мұратына ұмтылуға жігерлендіреді. Қазақтыңдәстүрлідүниетанымында әсемдікөмір мұратына айналып, оған үлкенкөңіл бөлінген. Мысалы, қазақтар киелі әйел Құдайы Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашымен аспанды жарқыратқан, күн сәулесі менкемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған