Біреу мені - келеді жылатқысы,
Біреу мені - келеді құлатқысы.
Ал біреулер бәйек боп мына мені -
Келеді де тұрады қуантқысы.
Біреу мені - үнемі көре алмайды,
Біреу мені - күнігі жамандайды.
Ал біреулер ұдайы қамқор болып,
Бар жоғымды уайымдап алаңдайды.
Біреу мені - келмейді түсінгісі,
Біреу мені - келеді түсіргісі.
Ал біреулер дұға етіп мына менің
Оңға бассын дейді ылғи ісі.
Жүрейікші тату-тәтті пендедей-ақ,
Бірімізді-біріміз күндемей-ақ.
Ешбірінің түрі жоқ оңып тұрған
Сондықтан қойайықшы үндемей-ақ.