Кыстырма соз деген не? ережеси

0 голосов
312 просмотров

Кыстырма соз деген не? ережеси


Қазақ тiлi (18 баллов) | 312 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Сөйлеушінің түрлі көзқарасына байланысты қолданылатын сөздер не сөз тіркестері қыстырма сөздер деп аталады. Қыстырма сөздер мағынасына қарай төмендегідей топталады:

1. Сөйлемдегі ойға сендіру мақсатындағы қыстырма сөздер: әрине, әлбетте, рас, шынында, шынын айту керек, жасыратыны жоқ, турасын айтқанда, әділіне келгенде, т.б.

2. Сөйлемдегі ойға күмән келтіру мағынасындағы қыстырма сөздер: сірә, мүмкін, шамасы, меніңше, қалай екені белгісіз, т.б.

3. Алдыңғы айтылған ойға қорытынды жасау мақсатындағы қыстырма сөздер: қысқасы, тоқ етері, демек, түйіп айтқанда, сайып келгенде, жалпы алғанда, т.б.

4. Көңіл күйге байланысты қыстырма сөздер: бәсе, бақытымызға қарай, амал не, өкінішке орай, сәті түсіп, т.б.

5. Ойды санамалап айту үшін қолданылатын қыстырма сөздер: ең алдымен, екінші жағынан, біріншіден, т.б.

Қыстырма сөздің тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз:

- сөйлем басында келсе, одан кейін;

- сөйлем ортасында келсе, екі жағынан;

- сөйлем соңында келсе, алдынан

үтір қойылады.

Мысалы, Әрине, еңбексіз ер де, жер де көгермейді. Қорыққандықтан ба, әйтеуір, екі аяғы дірілдеп кетті. Менің айтқандарымды ұмытып кеттің-ау, сірә.

(966 баллов)
0 голосов

Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. Қыстырма сөз бір сөзден де, бірнеше сөзден де тұратыны белгілі. Кей реттерде сөйлем түріндегі қыстырма сөз кездеседі. 

(245 баллов)