Қорқыт ата өмірі маған ертегі тәрізді. Ол қатты өмір сүргісі келген, өлгісі келмеген, өлімнен қашқан. Ол қобызды ойлап шығарған, қобызда ойнайтын күйлер шығарған. Қорқыт ата менің сүйікті кейіпкерім. Оның өзі өлгенмен, артында өлмейтін күйлері қалды, сондықтан оның аты өлген жоқ.