Шыгарма керек " Балалыктан даналыкка "

0 голосов
110 просмотров

Шыгарма керек " Балалыктан даналыкка "


Қазақ тiлi (16 баллов) | 110 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Біздің «Білім күні» деген мейрамымыз өте қасиетті, ерекше мереке. Біз сияқты өте аз халыққа, отаршыл­дықтың, теңсіздіктің зардабын шеккен, қорлығын көрген халыққа – білім ауадай қажет.Ал білімді ұрпақ, тіпті қажет. Адам­ның саны да көбейіп, сапасы да артуы керек. Мектепте оқитын ба­ла он жылдықты балалықтың бір түрі деп қарамай, ертеңгі да­на­лық­қа баратын жол деп қабыл­да­ға­ны дұрыс. Ал қазір адамдар білім­ді болған сайын қулық-сұм­дық­тың бар екенін, саясаттың бар екенін, біреуді менсіну-менсінбеу бар екенін біледі. Заман күрде­лен­ген сайын адамның табиғаты да кү­зеле бастайды. Сондықтан бұ­рын­ғы ата-анадан гөрі, бүгінгі ата-ананың қаупі де, күдігі де көп. Үмі­ті де бар. Бұрын ата-ана баласын мектепке бергенде ертең бі­лім­ді азамат болып шығады деп зор сеніммен беретін. Ал қазіргі кезде сол сенімнің орнына күмән пай­да болды. Ата-ана ертең балам­ның болашағы қандай болады деп алаңдаумен жүреді. Әзірге осы мә­селенің шешуі жұмбақ болып тұр. Б­ала мектепке барғаннан кейін бі­­лім алу арқылы өзінің Құдай бер­­ген табиғатын ашуы керек.

(44 баллов)