Əке көрген оқ жонар шығарма

0 голосов
186 просмотров

Əке көрген оқ жонар шығарма


Қазақ тiлi (26 баллов) | 186 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ата-бабаларымыз ұл-қыздарын өздеріндей еңбек сүйгіш, жауынгер, әнші, күйші, ақылды, парасатты, иманды етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Олардың бойына өнер мен еңбекті ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Мәселен, ер баланы бес жасынан бастап азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, темірден түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Ал қыздардың тәрбиелі жан болып өсуі үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Адамның қандай болып өсуі оның ата-анасына байланысты. Ата-ана тәрбиесі жас ұрпақтың бойына өнер, білім ғана емес, күллі әдепті де, мәдениет пен ізгілікті де сіңіре білген.

Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың орны ерекше. Әке отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Өнегелі, өнерлі, «Сегіз қырлы, бір сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Ал, аталар жолын қуып, өнері мен өнегелі ісін жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. «Ата көрген оқ жонар» деген мақал соны меңзейді.

(81 баллов)