Орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады. Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағашта өрмелеушілер болып саналады.
Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұяларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына карай бүталы-орман қүстары: насеком жемділер, жеміс-тұқым жемділер, нектар жемділер деп бөлінеді.
Қоректерін әр түрлі тәсілмен табады: тоқылдақтар мыкты қашау сияқты түмсығымен ағаштардың қабығын тесіп, оның арасынан насекомдарды және оның личинкаларын тауып жейді. Пищухилар — шиқылдауықтар, өрмелегішторғайлар, дүпілдектер ұзын, әрі жінішке тұмсығының көмегімен ағаштың қабығының жарықтарынан, саңылауларынан насекомдарды және олардың личинкаларын теріп жейді.
Дәнмен қоректенетің орман құстарының тұмсығы қысқарақ, формасы түрліше болады. Чечеткалар, щеголдар, шымшықтар ұсақ дәндерді конус тәрізді сүйір және нәзік тұмсығымен шүқып алады. Емен тұмсықтылар қатты қабығы бар ірі түқымдармен қоректенеді. Өйткені олардың қысқа болса да ірі, әрі қуатты тұмсықтары дәнді дән жарнағынан шығарып қана қоймай, оның сыртындағы қатты қабығын уатуға да мүмкіндік береді.