Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз. Қазақ жері – кең өлке. Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Дания сияқты елдердің бәрі қазақ жеріне сыйып кетеді. Қазақстан солтүстікте және солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, Монғол Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанмен шектеседі.