Помогите решить жұмбақтарды :
Аласы бар, қарасы бар, ағы бар
Пышақ тисе, қып-қызыл боп жарылар.
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан.
Таудан керуен құлап келеді
Ағыл-тегіл жылап келеді.
Өркеш-өркеш түйені
Тастапты атам шөгеріп,
Өркеші бұлтқа тиеді,
Сауыры жатыр көгеріп.
Ішін жарсаң, қап-қатты,
Ал піскенде тәп-тәтті.
Қырық екі тілі бар
Тық-тық еткен үні бар.
Оның жазған сөздерін
Оқыған жан ұғынар.
Сулы жерді мекендеп
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.