Рухсыз тіл тіл емес диалог құрып берші

0 голосов
122 просмотров

Рухсыз тіл тіл емес диалог құрып берші


Қазақ тiлi (86 баллов) | 122 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Тіл – ұлттың ұлттылығын білдіреті көрсеткіштердің ең бастысы болуымен бірге, ол – ұлттың мандаты. «Анаңды жоғалтсаң да, ана тіліңді жоғалтпа» деген мәуелі сөз кімді болсын тебірентері белгілі.Ана тілін білмеген қазақ, қазақжанды болуы мүмкін, бірақ қазақтың қазақ қана түсіне білетін көп жәйттерін ешқашан жөндеп игере алмайды ғой деп ойлаймын. Ал қазақ халқы – өз тілін аса ардақ тұтып, өнердің ең жоғарғы сатысына қоя білген халық. Халқымыз ерте заманнан тіл шеберлігіне, сөйлеу мәдениетіне айрықша мән беріп, ұқыпты қараған. Сөз қадірін білуге баланы тілі шыққан кезден – ақ тәрбиелеген. Сондықтан да бала кезден-ақ жұмбақ айту, оны шешу ой – өрісін дамытатын ойынның түрі болған. Балаларды ерте кезден – ақ ертегі тыңдауға баулыған. Аталар мен әжелер немерелерін жанына топтап жинап алып, небір ғажайып қызық ертегілерді майы тамыза айтып, оларды ұйқыға аттандыратын. Дұрысын айтсақ, қазақ елі аңызбен ауызданған,ертегімен есейген ел болған. Бұл – тәрбие және де биік мақсатты көздеген  өнеге болатын, өзінше өмірлік қорытынды шығарын деген ізгі ниет
(364 баллов)