«Көлеңке басын ұзартып...» - Абайдың1900 ж. жазған философиялық терең мазмұнды өлеңі. 4 тармақты, 6 шумақтантұрады. Заңғар көкке жол салып, ұясына қонуға бет алған, көкжиекке иек артқан күннің, көлеңке басын ұзартатыны секілді, адам баласының да «тіршілік базарынан оралар шағында» «күңгірт көңіл» шырмауына оралып, «сұрғылт тартқан бейуақпен сырласатын» сәті болады. Ақынның «Алыстан сермеп...» , «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Оданда шықты жаңғырық» дегеніндей, көкірек көзі ояу, жан сырын ұғар адамның мүлде аз екеніне күңірене қамыққан, салып еттім деген жолының «қу соқпақ» болғанына налыған, тынысы тарылып, тұйыққа тірелген көңіл-күйі өлеңнің өн бойынан сыз тартып тұрғандай.