Перевод
киім -адамның денесіне киюге арналған бұйым. киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі əсерінен қорғайды . Киім тігуге мал , аң терілері , өсімдік, ағаш , балық , құс өнімдері, жасанды материалдар жəне т.б пайдаланылған.
киім - адамның қоғамдағы дәрежесінің де бірден - бір көрсеткіші . " Адам көркі - шүберек " демекші, ортамыз бізді киген киімімізге қарап бағалайды. Киіміне қарай қарсы алып , ақыл- парасатына қарай шығарып салатыны да белгілі . Сол себепті де киімді күте білгеніміз абзал .
Үтіктелмеген , дақ түскен , кей жерлері майланып кеткен киімдер , жағасы мен жеңі кірлеп қыртыстанған көйлек адамның ажарын ашпайды. Түймелердің дұрыс жəне берік қадалғанына мəн беру керек . Киімде тесілген, жыртылған жерлер болса , оны жамап , тігіп отыруды ұмытпау қажет .
Маусым ауысқан кезде маусымдық киімді жуып , тазалап үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды .