"Арман мектебімнің шəкірттері"
Əр адамда арман болады.Сондай армандарымның бірі мектеп ашу.Жəй мектеп емес,түрлі іс-шара жасайтын,жарыстарда оза шабатын мектеп болуы қажет.Ол үшін ең алдымен,сынып оқушылары мектептегі қоғамдық жұмысқа бір кісідей белсене араласуы керек.Олар ұжымда ұйымшыл,тəртіптері өте жақсы,ұйымдастыру қабілеті өте жоғары дəрежеде болмақшы.Сынып оқушылары білімділігі,дарындылығы,байсалдылығы,ізденімпаздылығы,еңбексүйгіштігі,талаптылығы сияқты қасиеттерімен белестерден көрінетін болады.Бұл қасиеттерімен қатар,бірін бірі өзара түсінетін,мінез-құлықтарын,өзіндік ерекшеліктерін əбден танып білсе,нағыз бір отбасыдай болып жарыстарға қатысады.Жəне сыныпта үнемі жағымды,көтеріңкі көңіл күй,келешекке деген оптимистік көзқарас орын алмақшы.Əрине,"тəрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы" демекші,ең алдымен тəрбие берілетін болады.Еңбек ету,үлкенге ілтипат,жолдастық көмек,кішіге қамқорлық көрсету дағдылары əр оқушының бойында жақсы қалыптасатын болады.Егерде,арман мектебімнің шəкірттері осындай болтын болса,Қазақстанның болашағы жарқын болады.