Ответ:
Нұр-сұлтан қаласына саяхат
Өткен жазда мен еліміздің бас ордасы Нұр-сұлтан қаласын саяхаттап бардым. Ол жаққа ата-анаммен қыдырып жүріп, биік ғимараттар, адамға ерекше көңіл сыйлайтын ойын-сауық кешендерін тамашаладым. Маған саяхатымыз кезінде ерекше әсер қалдырған:Ханшатыр, Бәйтерек, Думан, тағы басқа да ойын сауық орталықтары. Кейін кешке біз Арсенал деп аталатын кинотеатрға кіріп, қызықты фильм тамашаладық. Бұл қалада қыдыратын жерлер өте көп, барлығына бір күнде барып шығу мүмкін емес, бірақ мен қызықты жерлерге бардым деп ойлаймын. Маған Нұр-сұлтан қаласы өте қатты ұнады, келесі жылы да келермін, бастысы ата-анама алғысым шексіз, ризамын.