Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Үш бала орманға барды. Орманда жеміс-жидектер, құстар көп. Олар қыдырып жүріп, күннің қалай өткенін байқамай қалды. Енді үйлеріне қайтып келе жатыр. Ата-анасына не деп айтарын білмей, қорқып келеді.
– Үйдегілерге не дейміз? – деді балалардың бірі.
Олар жол бойына тұра қалып, ақылдаса бастады. Өтірік айту мен шындықты айтудың қайсысы оңайырақ?
– Мен орманда қасқырдан тығылып отырдым деп айтамын. Сонда әкем маған ұрыспайды, – деді бірінші бала.
– Мен жолда атамды кездестірдім деймін. Сонда анам ашуланбайды, –деді екіншісі.
– Ал мен шынымды айтамын, – деді үшінші бала. –Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.
(В.А. Осеевадан аударылған)
Сен қай баланың пікіріне қосыласың? Неліктен? Мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолданып, өз ойыңды жаз. Сол балалардың қасында төртінші бала болып тұрсаң, сенің айтар жауабың қандай болар еді?