ОТДАЮ ПОСЛЕДНИЕ БАЛЛЫ, ПОМОГИТЕ! ОТВЕТЬТЕ НА 2 ВОПРОСА ПО ТЕКСТУ:
Қалай дұрыс тамақтануға болады?Біртіндеп тамақтың қуырылған түрінен бұқтырылған және қайнатылған түріне көшу керек. Тамақ құрамын өзгерту керек. Ақ және тоқаш нанды, шұжықты, жартылай фабрикаттар мен қалбырдағы өнімдерді аз жеуге тырысу керек.1. Сүт тағамдары өте пайдалы, бірақ әрі өте калориялы. Құрамында майы азтағамдарды таңдаңыз. Көкөністер мен жемістерді көбірек жеңіз. Рационнан майды мүлдем алып тастауға болмайды, балықтың майлы сорттарын, жаңғақтарды және де басқа табиғи тағамдарды қолданыңыз.2. Тамақты шұғыл шектеуге болмайды. Бұл жағдайда қорғау механизмдері іске қосылып, адам ағзасы керісінше май жинайтын болады.3. Көбірек тамақтануға тырысыңыз. Күніне аз-аздан 5 реттен тамақ ішіңіз.4. Таза суды көбірек ішіңіз.5. Физикалық белсенділігіңізді арттырыңыз. Бұл зат алмасу жылдамдығынкөбейтеді.6. Тез қорытынды шығаруға асықпаңыз. Сізге және сіздің ағзаңызға салауатты өмір сүруге көшу үшін уақыт керек, бірақ оның сіз үшін келтірер пайдасы орасан зор.1. Кіріспе қай сөздермен аяқталады?A) жартылай фабрикаттар мен қалбырдағы өнімдерді аз жеуге тырысу керек.B) табиғи тағамдарды қолданыңыз.C) тамақтың бұқтырылған және қайнатылған түріне көшу керек.D) тамақ құрамын өзгерту керек [1балл]2. Екінші ұсыныс сөйлемде автор бізді неден сақтандырады.A) зиянды тамақтарданB) адам ағзасына май жинауданC) физикалық белсенділікті шектеуденD) салауатты өмір сүруге көшуден [1балл]