Ответ:
Сепаратизм - жікшілдік, оңашалануға тырысушылық. Халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті сепаратизм деп түсіндіріледі. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылады. Ұлт-азаттық қозғалыстан ерекшелігі - оның жалпыхалықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды. Сепаратизм территориялық қақтығыстың тудыратын бірден бір фактор болып табылады. Сепаратизм – белгілі бір саяси топтардың өздері өмір сүріп отырған мемлекеттен жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға немесе сол мемлекетке тиесілі территорияны басқа бір мемлекетке қосуға ұмтылушылығы. Жікшілдік халықтың жаппай бұқаралық қозғалысы болмағандықтан оны ұлт-азаттық көтерілістердің қатарына жатқызуға болмайды. Жікшілдік, негізінен, мемлекет ішіндегі саяси тұрақсыздық пен алауыздық (ұлттық кемсітушілік, аз ұлттардың азаматтық құқықтарын шектеу, т.б.) жағдайында пайда болады. Сондай-ақ, өзге мемлекеттердің астыртын саясаты салдарынан да туындайды. Жікшілдік салдары мемлекет ішінде азамат соғысы басталу қаупін туғызады және мемлекеттік төңкеріс пен бөлініске дейін соқтыруы ықтимал. [1]