Менің елімнің басты құндылығы тақырыбында шағын мәтін жазыңдар

+101 голосов
282k просмотров

Менің елімнің басты құндылығы тақырыбында шағын мәтін жазыңдар


Қазақ тiлi (13 баллов) | 282k просмотров
Дан 1 ответ
+95 голосов
Правильный ответ

Менің елімнің басты құндылығы

"Анам берген туған тілім,атам берген құрал тілім" демекші, ана тілі – әр халықтың туған тілі,алтын қазынасы. Сонымен қатар, ол менің елімнің басты құндылығы.

Менің ана тілім – ана сүтімен бойыма дарыған қазақ тілі.Ана тілі – халқымыздың бүгіні ғана емес,өткені мен ертеңі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біліп,үйрене бастаймыз.Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі.Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. "Әр халық өз ана тілінде ғана бақытты" деген соны білдіреді деп білемін.

Халық үшін ана тілінің мәні тереңде,ал маңыздылығында шек жоқ шығар,сірә.Тіл саясаты - мемлекеттік саясат, ол егеменді еліміздің берік арқауы, демографиялық, әрі саяси ахуалдың қалыптылығын қамтамасыз ететін ықпалды күш.Осы тілімізде біздің бар арман-мақсатымыз,байлығымыз бен сүйенішіміз.Ана тілімізді қорғау үшін осы күнге дейін қаншама жандар мерт болды.Осыдан-ақ оның маңыздылығы әлдеқайда едәуір екендігін көреміз.

Әлемдік аренада мүлдем жойылып кеткен тілдер де бар.Елімізде көп тіл білуге ұмтылушылар көп.Әрине,көп тіл білу – ой-өріс кеңдігінің айғағы.Бірақ өз ана тіліңді ұмытпа.Себебі,дана халқымыз айтқандай:"ана тілің алпыс тілге татиды".Ана тіліміздің одан әрі көркейіп,дамуы үшін біз қазақ тілінде көп оқып,көп сөйлеп,сөз арасын бөтен сөзбен ластамауымыз керек деп білемін.

#SPJ5

(17.6k баллов)