Перевидите с казахского на русский
Асыл шөп
Злиха мен Бәтима екі жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатады. Злиха шаршадым деп мұңайып келеді. Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Злиха:
- Сен неге мәз болып қуанып келесің? Көтергенің жәшік! Өзің менен аз шаршаған жоқсың! – дейді.
- Мен жәшіктің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, — дейді Бәтима.
- Ол шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін, — дейді Злиха.
- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Шөптің аты – «сабыр», — дейді Бәтима.