Тескт ** казахском языке про казахского актера

0 голосов
93 просмотров

Тескт на казахском языке про казахского актера


Қазақ тiлi (16 баллов) | 93 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Шәкен Айманов - Қазақ киносының саңлағы
Шәкен Кенжетайұлы Айманов 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1928 жылы орта мектепті бітіріп, 1931-1933 жж. Семей Қазақ ағарту институтында оқиды.
1933 жылы Алматы қаласына келіп, Қазақ драма театрының құрамына қабылданады. 
1947-1951 жж. аталған театрдың бас режиссері болады. Театрдағы қызметі барысында актерлік шығармашылығын шыңдап, шеберлігімен көзге түсті. Театрдағы үздік рөлдері: Ақан сері, Қобыланды, Казанцев, Тихон, Отелло.
1952 жылы «Абай» (М.Әуезов, Л.Соболев) қойылымы үшін Сталин атындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.
1938 жылдан бастап Шәкен Айманов кеңес кинофильмдеріне түседі.
1954 жылдан бастап режиссер болып, бірқатар фильмдерді түсірді.Өз мамандығының хас шебері ретінде Шәкен Айманов өз кейіпкерлерін сомдағанда көзтартар іс-қимылдар жасаумен қатар, оның ішкі дүниесін ашуға тырысатын.
Режиссерлік қызметі барысында Айманов кинофильм мазмұнын жан- жақты ашып, ой толғамдармен қызықтырып, көркемдік жағынан суреттейтін. Дарынды актер, шебер режиссер қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып, қазақ өнерінің жанданып, дамуына  үлкен үлесін қосты.
1959 жылы КСРО Халық әртісі атағын иеленді.
1970 жылы «Атаманның ақыры» фильмі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлық Шәкен Аймановқа қаза болғаннан кейін берілген болатын.
1940 жылы КОКП мүшесі болып, Қазақ Жоғары Кеңесінің ІV және VІІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында көлік апатында қайтыс болып, Алматыдағы Орталық зиратта жерленген.

Киностудияда Шәкен Айманов атындағы кабинет-мұражай ашылды.·        
Алматы қаласында көше аты берілген.·        
Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылған.
Режиссерлік еңбектері:
1954 «Дала қызы» (К. Гаккелмен бірге)
1954 «Махаббат туралы аңыз» (К. Гаккелмен бірге)
1956 «Біз осында тұрамыз» (М. Володарскиймен бірге)
1957 «Біздің сүйікті дәрігер»
1961 «Бір ауданда»
1961 «Әуен шақырады»
1962 «Жол торабы»
1964 «Алдар көсе»
1966 «Атамекен»
1970 «Атаманның ақыры»

Фильмография:
1938 «Амангелді» — эпизод
1940 «Райхан» — Сәрсен
1943 «Ақ раушан» — майдангер
1945 «Абай әндері» — Шәріп
1948 «Алтын мүйіз» — Жәкен Досанов
1953 «Жамбыл» — Жамбыл
1956 «Біз осында тұрамыз» — Бейісов
1957 «Біздің сүйікті дәрігер» — эпизод
1961 «Алдар көсе» — Алдар көсе
1969 «Найзатас бөктерінде» — Бейсембай

(388 баллов)