Нужно упростить текст в некоторых местах. Заменить слова их синонимами, менять их местами, но так что-бы не терялся смысл и суть текста.Оқымысты бала
Бір бала қалада оқып, жазғытұры аулына келді. Әкесі:
«Балам,
енді шөп шабатын
мезгіл жақындады, қолыңа тырнауыш ал, мен шапқан шөпті жинап,
жәрдеміңді тигіз»,
- деді. Баланың жұмыс қылғысы келмей: мен әр түрлі ғылымдар
оқып қайттым, қара
қазақтың сөздерін ұмыттым, тырнауыш деген не нәрсе? - деді.
Осы сөзді
айтқаны-ақ сол еді, тысқа шықса, жатқан тырнауыштың басын байқамай
аяғымен басып қалып
еді, сабы тақ етіп маңдайына тиді. Сонда ғана тырнауыштың
не нәрсе екені
есіне түсіп, маңдайын сипалап тұрып: «Тырнауышты аяқ астына тастаған
қандай ақымақ
екен», - деп ашуланды